"Жетісу" Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры аясында "Ақтөбені" қабылдады. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 1:5 есебімен аяқталды.
Ойынның небәрі 5-минутында "Ақтөбе" қақпасына пенальти тағайындалды. Ал өз айып алаңында тәртіп бұзған Армен Манучарян қызыл қағаз алды. Дмитриевтің он бір метрлік айып добынан жасаған соққысын Жасур Нарзиқұлов қайтара білді. Кері серпілген допты "Жетісу" ойыншылары өз пайдасына жарата білді. Равиль Атыханов бұл голды өз еншісіне жазды. Ал үш минуттан кейін қақпашы Андрей Шабановтың қателігін сәтті пайдаланған Юрий Перцух таразы басын теңестірді. 29-минутта екінші сары қағазын алған "Жетісу" қорғаушысы Филип Иполе алаңнан қуылды. Араға екі минут салып Игорь Сергеев командасын алға шығарды.
Ойынның 60-минутында Шабанов тағы да қателесті. Бұл жолы Дубайич қателікті сәтті пайдаланып, Премьер-лигадағы дебюттік голын соқты. Ал 71 және 74-минуттарда Игорь Сергеев командасының төртінші және бесінші голын соқты. Бір қызығы Өзбекстан құрамасының шабуылшысы үш голды да баспен соқты.
Кезекті рет жеңіліске ұшыраған Ринат Алюетов шәкірттері 1 ұпаймен ең соңғы орында тұр. Қоржынында 12 ұпайы бар "Ақтөбе" тоғызыншы орынға табан тіреді.
Біздің серіктес: FONBET