Ақтөбе шабысынан сүрінді

05.08.2011, 17:09
Ақтөбе шабысынан сүрінді

Өз алаңында Владикавказдық «Аланияға» жол берген «Ақтөбе» Еуропа лигасымен қанжығасы бос қайтты. Сырт алаңда тең түскен Мұханов шәкірттері қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмады. Ресей кубогында 11 метрлік соққыдан алдына жан салмаған "Алания" "Ақтөбені" де дәл солай қақпанына түсірді.

Ойын басталысымен-ақ "Алания" шабуылға иек артты. Өз кезегінде "Ақтөбе" де қарап қалған жоқ, Хомичты біраз састырды. Алайда алғашқы тайм толассыз шабуылдармен өткенімен екі қарсылас бір-бірінің қақпаларына доп сүңгіте алмады. Екінші тайм басында Ақтөбе әдеттегідей ойын басымдылығын қарсыласына ұстатты. Осы мүмкіндікті пайдаланған Ресейлік қонақтар Бойченка қақпасының осал тұсын анықтады. Сол қапталдан айып алаңына жеткен допты  Марат Бикмаев құлап барып баспен қақпаға тоғытты. Бұны күтпеген алаң иелері біраз қателіктерге бой алдырды. Дегенмен  ойынның 68 минутында қорғаушы Примус қызу қандылыққа жол беріп, жоқ жерден қызыл қанды қағазды қанжығасына байлап, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Осыдан кейін допқа иелік еткен қонақтар толассыз шабуылдарға иек артып, алаң иелерін қыспаққа алды. Ақтөбеліктер қарсы шабуылдарының бірінде, Кенжесариев алаңның  орта тұсынан  Малетичке  әдемі пас жеткізді. Мұндай мүмкіндік енді келмейтінін сезгендей Малетич пасты ұтымды пайдаланып, әупірімдеп болсада допты айып алаңына асырды. Шабуыл өтіндегі Владимир Джилас допты қарсыластардың қақпасыга бір-ақ сүңгітті. Голдан кейін біраз абдыраған Алания  ойыны қарқынын баяулатып, "Ақтөбе" енді ғана тірілгендей болды. Алайда негізгі уақытта тең нәтиже тіркеліп , қосымша белгіленген 15 минуттық екі таймда да  әбден шаршаған қос клуб есепті өзгерісте алмады.Ойын тағдырын 11 метрлік соққы шешті. Бұған әбден үйренген "Алания" қателік жібермеді. Ал  ойынға бір кісідей араласқан Ақтөбе сапындағы Мане мен Джиластың соққылары Хомичтың қолынан табылды. Сонымен есеп 4-2 "Ақтөбе" өз алаңында қазақ ұлтының сенімін ақтай алмады. Жалғыздың шаңы шықпас демекші "Ақтөбеде" "Ертіс" пен "Шахтердің" кебін киді

«Ақтөбе» (Ақтөбе, Қазақстан) — «Алания» (Владикавказ, Ресей) 1:1 (0:0), қосымша уақыт 1:1, пенальтиден 2:4 Голдар: Бикмаев 55 (0:1), Джилас 75 (1:1) Пенальти сериясы: Габулов (0:1), Хайруллин (1:1), Бикмаев (1:2), Кенжиесариев (2:2), Гиголаев (2:3), Мане (2:3), Неко (2:4), Джилас 2:4 Ескертулер: Семенов 54, Праймус 67, Джилас 104 — Гнану 15, Габулов 61, Царикаев 70 Алаңнан қуылды: Праймус 69 «Ақтөбе»: Бойченко, Чичулин, Смакқв, Хайруллин, Мане, Кенжесариев, Праймус, Логвиненко, Семенов (Бадло 62), Малетич, Джилас Запасные: Сатубалдин, Сақалбаев, Хохлов, Дарабаев, Лисенков, Аверченко «Алания»: Хомич, Гнану (Гиголаев 105), Габулов, Хубулов (Дудиев 46, Бураев 81), Стоянов, Неко, Царикаев, Коста, Григорьев, Грачев, Бикмаев Запасные: Гиголаев, Туаев, Цховребов Бас төреші: Саймон Ли Эванс (Уэльс)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.376
Ничья
5.45
П2
8.65
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.008
Ничья
3.975
П2
3.615
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.968
Ничья
3.915
П2
3.81
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.529
Ничья
4.84
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.26
Ничья
3.585
П2
2.272
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.422
Ничья
3.77
П2
2.876
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.01
Ничья
3.81
П2
1.945
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.08
Ничья
14.8
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Алдыңғы жаңалық
Ертіс 0-2 Металлург
Келесі жаңалық
Тобол – Ордабасы 1-3
×