Жасур Нарзикулов, Демият Сламбеков, Виталий Волков, Рифат Нұрмұхамет, Антон Шурыгин және Олег Чернышёв "Ақтөбе" футбол клубымен келісім-шарттарын ұзартты.
Жоғарыда аталған ойыншылардың барлығы өткен жылы "Ақтөбе" футбол клубының Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралуына үлкен үлес қосқан болатын. Соның ішінде Виталий Волков өткен маусымда 6 ойынға қатысып, 2 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Жасур Нарзикулов 12 матчың тоғызында қақпасына гол жібермеді.
"Ақтөбе" клубының тәрбиеленушісі Антон Шурыгин өткен маусымда небәрі 4 матчта бой көрсетті. Сонымен қатар өткен жылы команда сапына қосылған ойыншылардың бірі Демият Сламбеков өткен жылы тек 3 матчқа қатысты. Ал Рифат Нұрмұхамет "Ақтөбе" жейдесінде барлық 12 матчқа қатысып, 2 голды өз еншісіне жазды. Ресейлік футболшы Олег Чернышёв 10 матч өткізіп, 3 рет мергендігімен көзге түсті.
"Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET