«Ақтөбе» мәскеулік ЦСКА клубының тәрбиеленушісімен келіссөздер жүргізіп жатыр

25.03.2021, 23:52
Былтырғы жылдан бері клубсыз жүр екен.
«Ақтөбе» мәскеулік ЦСКА клубының тәрбиеленушісімен келіссөздер жүргізіп жатыр

25 жастағы ресейлік қақпашы Сергей Ревякин "Ақтөбеге" ауысып, Жасур Нарзиқұловтың бәсекелесіне айналуы мүмкін, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет.

Жақын арада ол Алматыға қаралымнан өтуге келуі керек. Соңғы 2 жылда Ревякин еревандық "Арарат" сапында ойнады, оған дейін ол "Арарат Мәскеу", "Домодедово" және "Армавир" клубтарының қақпасын күзеткен.

Айта кетейік, Сергей 2020 жылдың 1 тамызынан бері клубсыз жүр. 2010-2013 жылдар аралығында Ресейдің жасөспірімдер клубында өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×