"Ақтөбе" "Астананы" жеңе алмады

05.08.2018, 04:14
"Ақтөбе" "Астананы" жеңе алмады
Өз алаңында жергілікті жанкүйерден қолдау алатын "Ақтөбе" футболшылары "Астананы" ұта алмады. Еліміздің 4 дүркін чемпионы екінші құраммен жүріп 1:1 тең ойнап кетті. Кездесудің 36-минутында Рангело Янго есеп ашты. "Астана" командасының жаңа шабуылшысы ел біріншілігіндегі алғашқы голын соқты. Ал екінші таймда "Қобыланды батыр" стадионына келген фанаттар өз командаларының таразы басын теңестіргеніне шаттанды. Гол авторы Александр Симчевич. Сонымен, бүгінгі ойындардың қорытындысы бойынша турнирлік кесте: 5-тамыз күні тағы да 3 ойын өтеді: "Қызылжар" - "Ертіс" "Тобыл" - "Ордабасы" "Шахтер" - Қайрат"
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×