
«Брайтон» - «Челси» - 3.50 кэф
Ағылшын кубогінің 1/16 финалдық кезеңіндегі матчта «Брайтон» лондондықтарды 2:1-мен ұтқан. Бүгін түнде болатын бәсеке қалай аяқталады? Энцо Маресканың шәкірттері есесін қайтара ма жоқ алаң иелері тағы да басым түсе ме?
«Брайтон» әдетте АПЛ грандтарына қарсы өз алаңында нәтижелі ойнайды. Осы маусымда да солай, бірақ премьер-лиганың соңғы екі кездесуінде қатарынан жеңіліс - «Эвертоннан 0:1, «Ноттингем Форесттен» 0:7. Көріп отырсыздар, қорғаныс кереметтей емес. Қазір «Брайтон» тек 10-орында.
«Челси» маусым басын сұрапыл бастаған, алайда желтоқсан-қаңтардағы тоқырау алғашқы төрттіктен шығарып жібере жаздады. «Ақсүйектердің» соңғы үш ойындағы статистикасы тәуір, десе де сырт алаңдағы нәтижелері алаңдатуда, жоғарыда жазған «Брайтонға» қарсы өткен кубоктік ойыннан бөлек тағы бірнеше бәсекеде тиімсіз нәтиже көрсетті.
Бұл матчқа болжам - екі команда екінші таймда гол салады және «Челси» ұтылмайды. «Фонбет.кз» бұған 3.50 коэффициент береді.
«Аугсбург» - «Лейпциг» - 2 кэф
Бундеслиганың 22-турын ашатын ойын жанкүйерге ерекше эмоция сыйламақ. Өз. алаңында әдетте мықты ойнайтын «фуггерлер» соңғы үш матчта өз үйінде «Лейпцигтен» ұтылмаған. Тенденция осы жолы жалғаса ма?
«Аугсбург» соңғы бес матчта ұтылмай келеді - үш жеңіс пен екі тең нәтиже. Қазір 12-орында.
«Лейпциг» бұл бәсекеге жақсы формада келеді – сәтсіз сериясын «Санкт-Паулиді» ұтып (2:0) үзе алды. Қазір Марко Розе жаттықтыратын «бұқалардың» басты мақсаты топ-4 қатарына ену. Әзірше, «Лейпциг» Бундеслиганың алғашқы төрт командасының қатарында, бірақ бәсекелестері де өкшелеп тұр. Сол үшін бүгін «Аугсбургпен» аянбай шайқасуы тиіс.
Біз бұл ойында қонақтар басым түседі деп есептейміз, бірақ тәуекелден қашып тек «Лейпцигтің» бірінші таймдағыы голын таңдау әлдеқайда тиімді бола ма деп ойлаймыз. Бұған тура 2 коэффициент беруде «Фонбет.кз». ф
Біздің серіктес: FONBET