АПЛ клубтары жазғы трансферлік кезеңде бір жарым миллиард еуроға жуық қаржы жұмсаған

10.08.2018, 20:28
АПЛ клубтары жазғы трансферлік кезеңде бір жарым миллиард еуроға жуық қаржы жұмсаған
Англия Премьер-Лигасы клубтарының жазғы трансферлік кезеңде қанша қаржыға ойыншылармен толлықаны белгілі болды.  Англияда трансферлік уақыт мерзімі кеше, 9 тамызда жабылған болатын. Сарапшылар Премьер-Лига клубтарының қатарын күшейту үшін қанша қаржы жұмсағанын есептеп берді. L'Equipe-тің хабарлауынша, ағылшындық клубтар трансферлік нарықта осы жылы 1,4 миллиард еуро жұмсаған. Алайда, бұл сома былтырғымен салыстырғанда, аз болып табылады екен. Премьер-Лига ойындарының телевизиялық құқықтарын сатудан түсетін пайданың өсуіне байланысты, ағылшын трансферлік нарығы соңғы жылдары болмаған көрсеткіштер тіркеген болатын. Мысалы, 2010 жылғы жазғы трансферлік кезеңде АПЛ клубтары 434 миллион еуроға ойыншылар алса, бұл көрсеткіш 2017 жылы 1,62 миллиард еуроға дейін жеткен екен. Биылғы трансферлік нарықтағы клубтар тарапынан жұмсалған қаржының аз болуы Әлем Чемпионаты мен трансферлік уақыттың ерте жабылуымен түсіндіріліп отырғн көрінеді.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×