АПЛ-дің топ-3 кездесуіне болжам – 4.93

Бүгін, 15:50

«Тоттенхэм» - «Манчестер Сити» - 1.85

АПЛ-дің топ-3 кездесуіне болжам – 4.93
Мартин Эдегор

АПЛ-дің ең тартысты ойыны. Топ мачта кімнің бағы жанады? Соңғы үш кездесуде тек жеңіске жетіп келе жатқан алаң иелері сәтсіз сериядан есеңгіреген «қалалықтарды» қапы қалдыра ма? ЧЛ-де «Реалдан», өткен турда «Ливерпульден» ұтылған Гвардиоланың командасына бүгін оңай болмайтыны анық қалай десе де.

«Тоттенхэм» соңғы үш матчта өзінің қақпасына тек 1 гол жіберді. Постекоглудың шәкірттері қорғаныстағы ойынын бір ретке келтіргендей. Бірақ, бүгінгі қарсыласы да азулы – «ман сити» сізге «Ипсвич», «МЮ» не «Брентфорд» емес. Қонақтар шабуылының әлеуеті әлгі үшеуінікінен әлдеқайда мықтырақ. Лондондық клуб Лига Кубогінің бәсекесінде «қалалықтардан» айласын асырған еді – 2:1. Ол ойын да «Тоттенхэмның» алаңында болған. Енді бүгін қалай өрбіиді екен ойын?

Хосеп Гвардиоланың командасы әзірге тек 4-орынды қанағат етуге мәжбүр. Бірнеше сағаттан кейін басталатын кездесу алдындағы бір фактқа ерекше назар аударған жөн – «Манчестер Сити» сырт алаңдағы 13 ойынның 5-інде жеңіліс тапты.

Біздің болжам «Тоттенхэм» бірінші таймда гол соғып кетеді. Бұған Fonbet.kz 1.85 коэффициент беруде.

«Ливерпуль» - «Ньюкасл» - 1.57

Ағылшын футболының көрермені үшін тағы бір керемет матч. Тек бір-ақ рет жеңілістің ащы дәмін татқан Арне Слоттің командасы бүгін де үш ұпай қанжығалап кете ме? Жоқ, «Ньюкасл» қос команданың бірінші кездесуіндегідей дес бермей қоя ма? (3:3).

Алаң иелерінің бірінші орны ешқандай күмән туғызбайды – екінші сатыдағы «Арсеналдан» бақандай 11 ұпай алдыда келеді. Тур өткен сайын мерсисайдтықтардың жеңісіне деген сенім тек арта түсуде. Сондықтан, «Ливерпуль» осы 11 ұпайлық айырмашылық-басымдықты ұзарта беретін секілді. Себебі, алда ЧЛ-ның маңызды ойындары тұр. Соған дейін ішкі біріншілікті неге біржақты етіп қоймасқа?

Эдди Хау жаттықтыратын «сауысқандар» қазір «Манчестер Ситиге» төртінші орынды тек осымша көрсеткіштер бойынша ғана босатуға мәжбүр. Команданың маусымдағы мақсаты да осы үздік 4-тің қатарынан көріну секілді. Үшеуі жабылып жүріп 36 гол салған Гордон, Исак пен Мерфи үштігінің аяғына қуат берсе, әбден бағынып тұрған меже.

Біздің пікір – қос команда да гол салады. Тәуекелге бармай осы нұсқаны таңдағандарға біздің серіктес 1.57 коэффициент тарту етеді.

«Нотингем Форест» - «Арсенал» - 1.70

Ағылшын премьер-лигасында шетінен топ-ойындар осы аптада. Кезек үздік үштіктегі «орманшылар» мен «зеңбірекшілерде». Нуну Эшпириту Сантудың командасы өзінің алаңында өте нәтижелі ойнайды – соңғы жеңілісі 10 қарашада тіркелді (1:3 Ньюкаслдан). Одан бергі матчтардың барлығында не жеңіс не тең ойын. Сырт алаңдағы соңғы екі турдағы сәтсіздіктен кейін «Ноттингем Форесттің» бүгін жанкүйерлерін қуантуды ойлайтыны анық.

«Арсенал» тур өткен сайын чемпиондықтан дәмесін үзіп келеді. «Ливерпуль» былай тұрсын үздік үштікте қалудың өзі қиынға соғуы мүмкін. Микель Артетаның клубына кедергі болған басты мәселе - ойыншылардың жарақаты. Букайо Сакадай сақа футболшылары қатардан шыққалы «канонирлердің» ойынынан береке қашқандай. Өткен турда лондондық дербиде «Вест Хэмнен» ұтылып, жағдайын одан арман қиындата түсті (0:1).

Бұл кездесуде қонақтардың екінші таймдағы голын таңдадық. Fonbet.kz бұл нұсқаға 1.70 коэффициент беріп тұр екен.       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×