Англия Премьер-лигасының үш клубында коронавирус жұқтырудың алты жағдайы туралы хабарланды.
Ағылшын Премьер-лигасының ресми сайтында футболшылар мен клуб қызметкерлерін коронавирус бойынша тестілеудің бірінші кезеңінің нәтижелері жарияланды. Вирус жұқтырған ойыншылар мен клуб қызметкерлеріне жеті күн карантин жарияланады. Жұқтырғандардың аты-жөндері хабарланбайды. Барлығы 748 адам тестілеуден өтті. Англия чемпионаты, әлемдегі барлық чемпионаттар сияқты, наурыз айында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты тоқтатылған болатын.
Анығырақ айтатын болсақ, "Уотфорд" футбол клубында коронавирус жұқтырудың үш жағдайы тіркелді. Вирус жұқтырғандардың бірі - ойыншы, қалған екеуі - клуб қызметкері. Олар медициналық құпияны сақтауды сұрағандықтан вирус жұқтырғандардың есімі аталған жоқ. Енді үшеуі де Премьер-Лиганың ұсыныстарында жазылған хаттамаларға сәйкес жеті күнге оқшауланатын болады.
"Клуб зардап шеккен адамдармен тығыз қарым-қатынасты жалғастырады және ешқандай түсініктеме берілмейді", - делінген клубтың ресми сайтында.
"Бернли" клубының бас бапкерінің көмекшісі Ян Воанның да коронавирустық инфекцияны жұқтырғаны белгілі болды. Бернли командасының бапкерлер құрамы мен ойыншылары өткен демалыс күндері коронавирус бойынша тестілеуден өткен болатын. Бас бапкердің көмекшісі карантинге жіберілді, ол жеті күнге созылады.
«Бернлиге келгендердің бәрі Янға және оның отбасына ең жақсы тілектерін білдіреді», - деді ағылшын клубының баспасөз қызметі.
Қалған екі жағдай туралы ақпарат әлі берілген жоқ. Айта кетейік, Англия Премьер-лигасының клубтары жаттығуды 19 мамырдан бастаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET