АПЛ басталды!

10.08.2019, 15:14
АПЛ басталды!

"Ливерпуль" - "Норвич" 4:1.

Гол авторлары: Хэнли, 7 мин (автогол), Салах, 19 мин, Ван Дейк, 28 мин, Ориги, 42 мин - Пукки, 64 мин.

Жаңа маусымның тұсаукесер матчында "Ливерпуль" өз алаңында "Норвичті" қабылдап, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Ағылшын Премьер-Лигасының 2019/20 маусымының ең алғашқы голын "Норвичтің" шотландиялық қорғаушысы Грант Хэнли 7-минутта өз қақпасына соқты (автогол). Ал ойынның 39-минутында "Ливерпуль" қақпашысы Алиссон жарақат алып, өз орнын командаласына босатты.

Ең бастысы, "Ливерпуль" жанкүйерлерінің команданың 6-рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы болғаны туралы жасаған перформансы болды десек артық болмас.

Айта кетейік, бұл тек Англиядағы ғана емес, бүкіл ТОП-5 лиганың жаңа маусымындағы ең алғашқы ойыны.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×