Антонио Родриго: «Команда дұрыс бағытта жұмыс жасап жатыр»

31.07.2018, 03:26
Антонио Родриго: «Команда дұрыс бағытта жұмыс жасап жатыр»
«Шахтерға» қарсы ойында «Ертістің» сапында жалғыз голдың авторы атанған Антонио Родриго кездесуден кейін өз пікірімен бөлісті. -Мен «Ертіс» сапына оралғаныма қуаныштымын. Алғашқы матчта соғылған голдың арқасында, өз-өзіме деген сенімділігім арта түсті. Чемпионаттың қалған ойындарында командаға көмектесу үшін барымды салып, бұдан да артық жұмыс жасаймын. Қазіргі жағдаймыз мәз емес. Оны барлығымыз жақсы түсінеміз. Сол себепті психологиялық қысым бар. Тіпті кездесудің кей сәттерінде, ондай қиындық бар екендігі көрінді. Ойын барысын бақылауда ұстайтын салқынқандылық жетіспеді. Дегенмен, команда дұрыс бағытта жұмыс жасап жатыр деген ойдамын. Алдағы матчтарда, еңбегіміздің жемісін көрерміз. Қайтадан павлодарлық «Ертістің» намысын қорғап жатқаныма қуаныштымын. Бұл ретте, менің оралуыма жанкүйерлердің жылы сөздері мен көрсеткен қолдауы үлкен септігін тигізді. Олар командаға демеу көрсетсін деп өтініш білдіремін. Себебі алдағы ойындарда барлығымыз үшін жеңіске жету аса маңызды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×