Ансу Фати «Эль-Классикода» гол соққан ең жас футболшы атанды

25.10.2020, 02:32
Ансу Фати жаңа маусым бастала салып, біраз рекордтарды жаңартып тастады. Бұл жолы ол Раульдің рекордын бұзды.
Ансу Фати «Эль-Классикода» гол соққан ең жас футболшы атанды

«Барселонаның» шабуылшысы Ансу Фати Испания чемпионатының 7-туры аясында «Реалмен» өткен кездесудің 8-минутында гол салып, «Эль-Классико» тарихындағы ең жас бомбардир атанды.

Испаниялық шабуылшы 17 жас және 359 күнінде Корольдік клуб қақпасына гол соқты. Бұған дейін "Эль-Классикода" гол соққан ең жас футболшы "Реал Мадридтің" бұрынғы шабуылшысы Рауль болған. Ол кезде оның жасы 18 жыл 95 күнді құрады.

Ансу Фати 2002 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Ол "Барселонаның" негізгі командасында 2019 жылдан бері ойнайды. Испания чемпионатының 2020/2021 маусымында ол «Барселона» сапында бес матч өткізіп, төрт гол соқты. Оның Испания құрамасы үшін өткізген үш кездесуі және бір голы бар. Фати УЕФА Ұлттар лигасында Украина құрамасымен болған матчта гол соғып, ұлттық құрамада гол соққан ең жас футболшы атанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×