«Барселонаның» шабуылшысы Ансу Фати желтоқсан айында алаңға шықпайды, деп хабарлайды ARA басылымы. Ойыншы жарақатына байланысты командасына көмектесе алмайды.
Дереккөздің айтуынша, клубтың медицина қызметкерлері 19 жастағы испаниялық футболшынының денсаулығына қауіп төндіргісі келмейді, сондықтан ол 2022 жылға дейін ойнай алмайды.
2021/22 жылғы маусымды Фати жарақатпен бастаған болатын. Одан кейін оныншы нөмірді иеленген шабуылшы 8 матчқа қатысып, 4 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET