Андрей Тихонов: «Төреші үшін мансабындағы соңғы матч болғандықтан, ол өзіне ешқандай жаза қолданылмайтынын білді»

25.10.2021, 02:17
Тихонов Ресей мен Болгария матчында да төрешілердің әділетсіз жұмыс жасағаны туралы айтты.
Андрей Тихонов: «Төреші үшін мансабындағы соңғы матч болғандықтан, ол өзіне ешқандай жаза қолданылмайтынын білді»

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Қайратпен» болған матчта бірінші тайм аяқталмай жатып, команданың алаңнан кетіп қалуына қатысты пікірін білдірді.

- Андрей Валерьевич, жағдайды түсіндіріп бере аласыз ба? Неліктен команданы алаңнан әкетіп қалдыңыз?

- Біріншіден, бұл команданың бастамасы болды. Олар алаңда болғандықтан бәрін анық көріп тұрды. Және бұл олардың шешімі болды. Мен оларды жай ғана қолдадым. Оларға: «Егер сендер осылай шешкен болсаңдар, онда біз су ішу үшін кеткен адамдарға ұқсамай, киім ауыстыратын бөлмеге барайық», - дедім.

Екіншіден, бүгін Ресей мен Болгария құрамалары арасындағы ойын есіме түсті. Онда төреші Болгария қақпасына 3 мәрте жүз пайыздық пенальтиді тағайындамады. Осы екі кездесудегі ұқсастықты айтайын. Ол кезде де төреші үшін мансабындағы соңғы матч болды және ол өзіне ешқандай тәртіптік жаза қолданылмайтынын түсінді.

Бүгін Чесноков та мансабындағы соңғы кездесуіне төрелік етті. Неліктен оған бұл матчты сеніп тапсырды? Бұл сыйлық кімге арналған - өзіне ме әлде басқа біреуге ме?

- Мұны төрешілер комитетінің басшысынан сұрау керек.

- Айтпақшы, мен онымен жаңа ғана кездестім. Одан төрешінің жұмысын қалай бағалайтынын сұрадым. Ол «өте жақсы» деп жауап берді. Оған сәттілік пен табыс тілеймін.

Сонымен қатар бүгін чемпионаттың екі үздік командасы кездескенін айтқым келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×