Андрей Шабанов 25 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

25.03.2021, 04:40
Қақпашы «Жетісу» сапында алтыншы маусымын өткізуде.
Андрей Шабанов 25 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

"Жетісудың" 34 жасар қақпашысы Андрей Шабанов талдықорғандық клуб үшін Қазақстан чемпионатында ең көп матч өткізген қақпашы ретінде жаңа рекорд орнатты.

Андрей Шабанов "Жетісу" сапындағы алғашқы ойынын 2015 жылы 21-ші наурызда Астана қаласында "Оқжетпеске" (0:2) қарсы өткізді. Ол алаңға негізгі құрамда шығып, ойынды толық өткізді. Қақпашы талдықорғандық клуб сапында алтыншы маусымын өткізуде. 

Ел чемпионатының екінші турындағы "Тұранмен" (3:0) болған ойын қақпашы үшін рекордтық матч болды. Андрей "Жетісу" жейдесінде 76 ойын өткізіп, 100 доп жіберіп алған. Шабанов сонымен қатар "Атырау" сапында да ең көп матч өткізген қақпашы болып саналады (127 матч). 

Бұған дейінгі рекорд "Жетісуда" 1996 жылы өнер көрсеткен Олег Прищеповқа тиесілі болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×