Андрей Карпович: «Кім не айтса да, біз келесі кезеңге шыққымыз келеді»

31.07.2022, 17:28
«Ақтөбенің» еншісінде екі ғана ұпай бар.
Андрей Карпович: «Кім не айтса да, біз келесі кезеңге шыққымыз келеді»

«Ақтөбенің» бас бапкері Андрeй Карпович Қазақстан кубогінің төртінші турында «Таразға» қарсы өткен ойынды (1:1) қорытындылады:

– Біріншіден, нәтижеге көңіліміз толмайтынын айтқым келеді. Кім не айтса да, біз келесі кезеңге шыққымыз келеді. Иә, әзірге жолымыз болар емес және оның бірнеше себептері бар. Мен оларды сылтау ретінде айтқым келмейді. Бұл ойында екі түрлі таймның куәсі болдық: біріншісінде үлкен басымдыққа ие болдық, бірақ өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық, ал екінші таймда мүлде басқа ойын болды, тараздықтар ойын тізгінін өз қолдарына алды. Оның немен байланысты екенін айту қиын. Бірқатар ойыншылар жарақатынан енді ғана айықты. Олар ұзақ уақыт бойы бірге ойнамағандықтан, өзара түсіністік болмады. Нәтиже нашар, бірақ біз соңына дейін топтан шығу үшін күресеміз.

– Уго Видемон мен жаңадан келген Бауыржан Байтана неге өтінімге енбеді?

- Уго Францияға ұшып кетті, оның буынында белгілі бір мәселелер бар. Сол жерде ол арнайы емделген. Содан бері ол мүлдем жаттыққан жоқ, кеше ғана Ақтөбеге ұшып келді. Оның жаттығуға оралуына шамамен бір апта қажет. Бауыржанның да денсаулығында кінәрат бар. «Таразда» өткізген соңғы ойынында жеңіл жарақат алған екен. Ол да әлі жаттыққан жоқ. Оның да толық қалпына келуі үшін шамамен бір апта қажет.

– Топтан шығу мүмкіндігі азайып барады. Бұл Ислам Русланұлы сияқты жас жігіттерге көбірек уақыт беріледі дегенді білдіре ме?

- Жоқ, олай болмайтын шығар. Бізде ондай мүмкіндік жоқ, әйтпесе чемпионаттағы матчтарға дейін ойынымыз нашарлап кетеді. Қалған екі ойында жарақаттан айыққан жігіттерге мүмкіндік беруге тырысамыз. Бұл матчтар бізге ойын сапасын арттыру және өзімізді сенімді сезіну үшін қажет. Оның үстіне өз алаңымыздағы матчтарда нәтиже үшін ойнамасақ, жанкүйерлер бізді түсінбейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×