Андрей Карпович: «Алға қойылған міндетті орындап, С лигасында қалдық»

30.03.2022, 04:32
Карпович бүгінгі матчты қорытындылап, сұхбат берді.
Андрей Карпович: «Алға қойылған міндетті орындап, С лигасында қалдық»

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карпович Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен болған қарымта матчты қорытындылады:

- Жолымыз болмады ма, шеберлігіміз жетіспеді ме, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмадық. Дегенмен, ойыр соңында сәттілік серік болып, қажетті нәтижеге қол жеткіздік. Жанкүйерлердің қолдауын да ерекше атап өткім келеді, нағыз футбол атмосферасын сезіндік. Мұндайды көрмегеніме де көп болған екен. Әрине, ойыннан гол соғуды қаладық, бірақ қолымыздан келмеді. Десе де, алға қойылған міндетті орындап, С лигасында қалдық. Барлығын жеңіспен құттықтаймын!

- Молдова секілді әлсіз команданы әзер дегенде ұттық. Егер сізге келісім-шарт ұсынып жатса, ертең Словакия, Әзірбайжан, Беларусь секілді командалармен қалай ойнаймыз?

- Бұған дейін айтқанымдай, біз келісім-шарт мәселесін талқыламадық. Сізге Молдованы әлсіз қарсылас деп кім айтты? Құрамындағы ойыншылардың қайда ойнап жүргенін бақылап көріңіз. Рейтингке қарап, деңгейі жайлы әңгіме қозғауға болмайды. Мысал ретінде айтайын, Канада құрамасының нешінші орында тұрғанын қарап көріңіз.

Ойынға келетін болсақ, ия, әлі көп жұмыс жасауымыз қажет. Бүгінгі жеңіс ойыншыларды одан әрі қанаттандырып, сенімділік сыйлайды.

С лигасында Словакия, Әзірбайжан, Беларусь құрамаларына қарсы ойнаймыз. Мен оларды тең дәрежелі қарсыластар деп ойлаймын. Сондықтан алдымызға жоғары мақсаттар қоюмыз тиіс. Ойынның мазмұны жайлы айтар болсам, өзгертетін нәрсе көп. Әрине, біраз жоспарлар бар. Бірақ ұлттық құрамада жұмыс істеу өте қиын. Дайындалуға небәрі екі-үш күн ғана уақыт болады.

- Ғафуржан Сүйімбаевтың жағдайы қалай?

- Оның миы шайқалған екен. Ол қақтығыстардың бірінде басынан ауыр соққы алды. Тіпті сол сәтте не болғанын есіне түсіре алмады. Сондықтан оны алмастыруға мәжбүр болдық. Оның орнына шыққан Тимур Досмағамбетов ойынға жақсы қосылды. Белсенді түрде қимылдап, шабуылда керемет ойнады.

- Айбол Әбікенді пенальти сериясы үшін шығардыңыз ба?

- Ия, сол сәтте пенальти сериясына дайындалып жаттық. Шацкийді де осы себепті негізгі құрамда шығардық. Әрине, мұндай сценарийдің болғанын қаламадық. Бірақ футболда мүмкін емес нәрсе жоқ. Шацкий пенальти қайтару арқылы мықтылығын кезекті рет дәлелдеді. Пенальтия сериясы лотерея болып табылады. Осы лотереяда біздің жеңгеніміз көңіл қуантады.

- Пенальти орындайтын ойыншыларды кім таңдады?

- Шешімді мен және басқа да бапкерлер қабылдады. Әрине, бұдан бас тартқан ойыншылар да болды. Әсіресе, алтыншы пенальтиді ешкім орындағысы келмеді. Тәжірибелі ойыншылардың өзі халықты жерге қаратқысы келмеді. Сондықтан өзіне сенімді болған Георгий Жуковқа мүмкіндік бердік.

- Кеше өз алаңымызда команданың қорғанысқа қамалмайтынын айтып едіңіз. Бірақ бірінші таймда қарсылас қақпасына дәл соққы жасай алмадық, допқа да аз иелік еттік...

- Допқа аз иелік ету арқылы да гол соғатын мүмкіндіктерді ұйымдастыруға болады. Бізде қорғаныста ойнау туралы жоспар болған жоқ. Жігіттер мұны растай алады. Бірінші голдан кейін аздаған қиындықтарға тап болдық. Екінші таймда түзетулер енгізгендіктен, жақсы ойнай бастадық. Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді.

- Георгий Жуков алыс жол жүргенімен, небәрі 15 минут ойнады. Оны негізгі құрамда шығармауыңыздың себебі неде?

- Ол соңғы кездері аз ойнап жүр. Бірақ бүгін маңызды пенальтиден гол соғып, команданың жеңісіне өз үлесін қосты.

- Шабуыл шебіне Абат Айымбетовті қойдыңыз. Ал Алексей Щеткин өтінімге енбеді, Роман Мұртазаев та алаңға шықпады.

- Біз бұл ойында қрасыласқа прессинг жасағамыз келді. Бұл тұрғыда Абат Алексей мен Романнан мықты деп ойлаймын. Алексей кешегі жаттығуда жарақат алып қалды. Романның да қарым-қабілетін жақсы білеміз. Бірақ бүгін Абатты таңдадық. Ол гол соқпағанымен, өте керемет ойнай білді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
3.995
П2
3.71
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×