Андорраның бапкері: Қазақстан Грузиядан мықты

10.09.2018, 04:10
Андорраның бапкері: Қазақстан Грузиядан мықты
Андорра құрамасының бас бапкері Кольдо Альварес тілшілермен кездесті.  - Грузиямен Қазақстан құрамаларының арасындағы ойынды тамашаладық. Ойын бойынша негізі Қазақстан мықты болды. Бірақ, жеңіске Грузия жетті. Менің ойымша бұл матчтағы есеп алдамшы. Қазақстан Грузиядан мықты деп есептеймін. Қазақстанның қос қапталы мен ортадағы капитаны мықты екен. Ертеңгі ойында біз бар күшімізді салып абыройлы ойын өткізсек дейміз. - Ал жалпы турнирдегі мақсаттарыңыз қандай? - Жалпы жарысқа қойған нақты мақсатымыз жоқ. Біз футболда енді дамып келе жатқан елміз. Жастарымыз да шығып келеді. Осы жолы үш жас футболшыны алдық. Олардың болашағы зор. Аракідік жеңістерге де жете бастадық. Түбі топтан шығу деген мақсат қоятын күнге де жетеміз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×