![Алжир құрамасы Африка Ұлттар Кубогінде топ жарды](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2019/07/20/591e2d5f07ab643d4a134e19a5769eed.jpg)
Алжир - Сенегал 1:0.
Гол авторы: Б. Бунеджа, 2 мин.
Санаулы сəттер бұрын ғана 32 рет ұйымдастырылған Африка Ұлттар Кубогының жеңімпазы анықталды. Мысырда өткен құрлықтық доданың финалында Сенегал мен Алжир құрамалары бас жүлдеге таласты. Тартысты ойынның тағдырын жалғыз гол шешіп кетті. Небəрі 2 минутта алжирлік шабуылшы Бағдат Бунеджа сол қапталдан пас алған бетте ортаға оцыса бере тепкен еді. Жолай қорғаушының аяғына тиген доп əуелеп барып алыс бұрышқа топ етіп түсті. Ал Сенегал қақпашы абдырап тұрып қалды.
Міне, осы гол Алжир құрамасына жеңіс сыйлады.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET