Алматының Орталық стадионы УЕФА-ның төртінші категориясынан айырылып қалуы мүмкін

05.04.2024, 16:55

2016 жылы Алматы қаласының Орталық стадионында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, УЕФА стандарты бойынша төртінші категорияны алған еді. 

Алматының Орталық стадионы УЕФА-ның төртінші категориясынан айырылып қалуы мүмкін

Сол уақыттан бері стадионның талапқа сәйкес келмейтін тұстарын ретке келтіруге уақыт берілген, алайда көрсеткен негізгі ескертулер бүгінге дейін орындалмаған:

1. Телевизиялық трансляцияға қолайлы жағдай жасау;

2. Комментаторларға арналған орындар;

3. Телевизиялық студиялар;

4. БАҚ өкілдеріне арналған жұмыс орындары;

6. Көліктерге арналған автотұрақ орындарының саны;

7. VIP-орындар мен қонақтарды қабылдау аймағы.

Сонымен қатар матчтың эксклюзивті құқығын сатып алған телевизиялық компаниялар Ұлттық құрама ойындарына қосымша талаптарды қойып отыр. Ұлттық құраманың күзде өтетін Ұлттар лигасындағы ойындары Алматы қаласына жоспарланған. Сол себепті УЕФА Алматыдағы Орталық стадионның талапқа қаншалықты сәйкес келетінін тағы да тексермек. УЕФА бақылау комиссиясы барлық талаптар орындалмаған жағдайда, Орталық стадионның төртінші категориясын алып қоймақ. Ал, елордадағы «Астана Арена» стадионында Дүниежүзілік Көшпенділер ойынына байланысты жабық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×