Әлібек Бөлешев – футболшы мансабын аяқтап, "Оқжетпес" клубының әкімшілік қызметіне ауысты 

02.08.2018, 01:17
Әлібек Бөлешев – футболшы мансабын аяқтап, "Оқжетпес" клубының әкімшілік қызметіне ауысты 
Елімізге әйгілі шабуылшының ойыншы мансабын аяқтап, клубта қызметте қалатынын көкшетаулықтардың ресми сайты хабарлады. 37 жасар шабуылшы «Оқжетпес» командасында 2013 жылғы маусымнан бастап 2018 жылдың шілдесіне дейін ойнады. Жалпы алғанда, көкшетаулықтар үшін 141 матч өткізіп, барлық турнирлерде 58 гол салды. Көкшетау командасының тарихындағы үздік сұрмерген болып табылады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×