![Алғашқы турда кімдер кездеседі?](/build/images/default-image.jpg)
Александр КЕПЛИН:
Біз командаларды себеттерге бөліп тастадық. Мысалы мына себетте оңтүстіктің командалары. Бұл чемпиондар лигасы мен еуропа лигасында ойнайтын клубтарымыздың сол жарыс басталған кезде бір бірімен ойнап қалмауы үшін жасалды.
Ал алғашқы және екінші топтың командалары бірінші тур ойындарын өз алаңдарында өткізу құқына ие болды. Біріншіліктің шымылдығы «Қайсар» мен «Атырау» арасындағы ойыннан басталады. «Тобыл» өз алаңында «Ертісті» қабылдайды. Күміс жүлдегер «Қайрат» «Таразбен» кездеседі. Шымкенттің «Ордабасы» командасы «Шахтермен» күш сынасады. Ал «Астана» маусымды «Ақтөбеге» қарсы ойнап бастайды. «Жетісудың» алғашқы қарсыласы көкшетаудың «Оқжетпесі». Алғашқы тур ойындары 9 және 10 наурыз күндері өтеді.Біздің серіктес: FONBET