«Тараз» клубының жартылай қорғаушысы Альфонс Коджо «Шахтермен» өткен ойын туралы және ел бірінішілігі жайлы айтты.
- Альфонс, өткен ойын туралы не айтасың?
- Қорытынды нәтиже өте керемет болғанымен, ойын оңай өткен жоқ. Алаңда қандай күрес болғанын көрдіңіздер. Қарсылас команда сапындағы өте тәжірибелі ойыншылар алаңның кез келген бөлігінде қысым көрсетуге тырысты. Тәртіп пен барынша беріліп ойнағанымыздың арқасында оң нәтижеге қол жеткіздік. Матч тізгінін өз қолымызға алуымызға алғашқы екі гол үлкен септігін тигізді.
- Қазақстан чемпионатының осындай деңгейде боларын күттіңіз бе?
- Шынын айтқанда, әлемде командалардың дәрежесі теңесіп келеді. Қазақстан чемпионатының деңгейі де жоғары. Мен ойнаған Португалияда, Арменияда өздеріне тән ерекшелік бар. Қазақстанда да атап өткен елдердегідей әлсіз командалар жоқ. Әр ойында соңына дейін күресу керек.
- Біздің ел жайлы, Тараз туралы сіздің алғашқы әсеріңіз қандай?
- Маған ұнап жатыр. Жылы, қонақжай ел екен. Тараз – тыныш қала. Барлық жерлерді әлі аралап көрген жоқпын, бірақ естіп танысып жатырмын. Жақын уақытта көзбен көріп танысып, өз әсеріммен бөлісемін деген ойдамын.
«Тараз» КФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET