Әлем чемпионатына ең көп жанкүйер қай елден келді?

15.06.2018, 15:49
Әлем чемпионатына ең көп жанкүйер қай елден келді?
Бүгін Ресей астанасында футболдан әлем чемпионаты басталды. Алғашқы болып Ресей мен Сауд Арабиясы жасыл алаңға шықты. ФИФА Ресейдің 11 қаласында өтетін ойындарға қазірдің өзінде 2 миллион 400 мың билет сатылғанын хабарлады. Ең көп жанкүйер АҚШ-тан келді, олардың саны 88 мыңға жуық. Сонымен қатар Ресейде жүрген футбол фанаттарының саны жағынан Бразилия, Колумбия, Германия, Мексика, Аргентина мен Қытай көш бастап тұр. Олар өткен түнде Мәскеу көшелерінде жалау ұстап, би билеп, ән айтып, нағыз футбол карнавалын ұйымдастырды. Сарапшылар мен жанкүйерлер Бразилия құрамасының шоқтығы биік дегенді алға тартады. Қазіргі чемпион – Германияның да бас жүлдеден үміті зор. Франция мен Испания да мықтылар қатарында. Әзірше жанкүйерлер қала аралап, елдің тыныс тіршілігімен танысып жүр. БЛИЦ: – Мен Колумбиядан келдім. Осы жерден бүкіл әлемге сәлем жолдаймын. – Бұл – өте жақсы қала. Ресейдің үздік қаласы. Ал әлем чемпионаты тамаша мереке болмақ. Мұнда адамдар да қонақжай екен. Prosports.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×