Волгоградтық «Ротор» Ресей Премьер-лигасының 28-туры аясында «Ахматтан» 1:0 есебімен басым түсті.
Алексей Щеткин алаңға негізгі құрамда шығып, 90 минут бойы ойнады. Қазақстандық шабуылшы матчтың 23-минутында гол соқты. Бұл Алексейдің «Ротор» сапындағы дебюттік голы болды. Ал Дмитрий Шомко матчқа арналған өтінімге енген жоқ. Сондай-ақ «Ахматта» өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров та жарақатына байланысты бұл ойынға қатыспады.
28 турдан кейін «Ротор» Ресей Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 14-ші орынға табан тіреді.
Біздің серіктес: FONBET