Алексей Щеткин: «Алдағы жеті ойынның барлығында жеңіске жету біздің басты міндетіміз»

24.10.2020, 04:17
Алда «Қайратпен» болатын екінші матч бар.
Алексей Щеткин: «Алдағы жеті ойынның барлығында жеңіске жету біздің басты міндетіміз»

"Астана" шабуылшысы Алексей Щеткин "Тобылға" қарсы жеңіс, жаңа бас бапкер Андрей Тихонов туралы пікірімен бөлісті.

- Алексей, бұл қиын ойын болды, дегенмен сіз осы маусымдағы чемпионаттағы екінші голыңызды соқтыңыз. Психологиялық тұрғыдан бұл команда үшін ғана емес, сіз үшін де маңызды жеңіс деп айта аласыз ба?

- Мен наурыз айынан бері бірде-бір толық ойын өткізбедім, сондықтан кез-келген шабуылшы сияқты гол соғып, командаға көмектескім келді. «Астана» бүгін мықты командағы қарсы кездесуде үш ұпайға қол жеткізді, ал кімнің гол соққаны аса маңызды емес.

- Жаңа бапкер - барлық дүниеге деген жаңа көзқарас, жаңа тәсіл. Тихонов нақты не өзгерткенін айта аласыз ба?

- Андрей Валерьевичтің командамен жұмыс жасап жатқанына бес күн ғана болды, сондықтан жаһандық өзгеріс туралы айту өте қиын. Әрине, кез-келген жаттықтырушы сияқты, оның жаттығу процесіне деген өзіндік көзқарасы бар, доппен көбірек жаттығулар жасай бастадық, әсіресе ойын құру барысына көп көңіл бөлуге тырысып жатыр.

- Чемпиондық тартыстың әлі де жалғасатынына сенесіз бе?

- 8 ұпай айырмашылық тұрған кезде мүмкіндіктер туралы айту өте қиын, барлығы тек қана бізге байланысты емес. Алдағы 7 ойынның барлығында жеңіске жету біздің басты міндетіміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×