Александр Седнев: «Мен бізге ауадай қажет болып тұрған алдағы апталық үзілісті тағатсыздана күтіп жүрмін»

09.05.2021, 17:39
Седнев жарақат алған ойыншылардың көп екеніне ашынды.
Александр Седнев: «Мен бізге ауадай қажет болып тұрған алдағы апталық үзілісті тағатсыздана күтіп жүрмін»

"Ордабасы" командасының бас бапкері "Каспиймен" болған ойын (0:0) туралы пікір білдірді:

- Біз үшін өте ауыр матч болды, себебі біздің адами ресурстарымыз шектеулі, ойыншылар алаңға жарақаттарымен шығады және бізде шынымен де кадрлық мәселелер көптеп туындауда. Ойыншыларға бар күштерін салғаны үшін алғыс айтамын, бүгін өте ауыр болды, қарсылас өте агрессивті түрде ойнады. Қарсылас территориялық артықшылықтарын пайдаланғанымен де, екі қақпаның алдында да қауіпті сәттер болды деп айтпас едім. Мен бізге ауадай қажет болып тұрған алдағы апталық үзілісті тағатсыздана күтіп жүрмін. Сол уақыт ішінде біздің жарақат алған футболшыларымыз қатарға оралып, жаттығуды бастайды деп үміттенемін, ал ауырлық сезініп ойнап жүрген ойыншылар өз денсаулықтарын ретке келтіреді деп сенемін, тек осылай ғана біз жақында өз құрамымызды мықтырақ ете аламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×