Александр Мокин Қазақстан құрамасының орналасқан жерінен кетіп қалды

25.03.2021, 04:26
Оның орнына Дмитрий Непогодов шақыртылуы мүмкін.
Александр Мокин Қазақстан құрамасының орналасқан жерінен кетіп қалды

Қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Александр Мокин Қазақстан құрамасының орналасқан жерінен кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Қақпашы отбасылық жағдайларына байланысты кетуге мәжбүр болған. Ұлттық құраманың алғашқы нөмірі «Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасына жас қақпашылар - «Тараздан» Мұхаммеджан Сейсен мен «Ордабасы» сапынан Бекхан Шайзада шақыртылған болатын. Команданың резервтік тізімінде «Астана» қақпашысы Дмитрий Непогодов та бар, ол енді ұлттық құрамаға шақырту алуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×