Александр Мокин Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтады

01.04.2021, 04:37
Мокин ұлттық құрамадағы мансабын керемет көңіл-күйде аяқтады.
Александр Мокин Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтады

Александр Мокин Қазақстан ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды журналист әрі инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.

"Бүгін 39 жастағы қақпашы командаластарына Францияға қарсы кездесу өзінің ұлттық құрамадағы соңғы матчы екенін айтты.

Мен оның ұлттық құрамадағы жолы керемет болды деп айта алмаймын, бірақ оған ешкімнің шағымы жоқ шығар. Мокин әрдайым адал жұмыс істеді және қолдан келгеннің бәрін жасады. Мансабының соңы, әрине, есте қаларлық - Килиан Мбаппенің пенальтиден жасаған соққысын қайтарды," - делінген хабарламада.

Александр Мокин ұлттық құрама сапында 22 кездесуге қатысып, 43 гол жіберіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×