Александр Мокин - Қазақстан құрамасында ұзақ уақыт ойнаған үшінші футболшы

03.04.2021, 19:14
Мокин ұлттық құрамада 16 жыл ойнады.
Александр Мокин - Қазақстан құрамасында ұзақ уақыт ойнаған үшінші футболшы

Қазақстан құрамасының 39 жастағы қақпашысы Александр Мокин 16 жыл 2 ай бойы Қазақстан құрамасында өнер көрсетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Александр Мокин Қазақстан құрамасындағы дебюттік матчын 2005 жылы 29 қаңтарда Йокогамада, Жапония құрамасына қарсы өткізді (0:4). Сол уақыт пен Әлем чемпиондары Франциямен болған матчтың аралығы 16 жыл 2 айды құрады. Қазақстан құрамасында ұзақ уақыт бойы ойнаған футболшы - тағы бір қақпашы Давид Лория, ол 17 жыл 4 ай бойы ұлттық құраманың намысын қорғады.

Қазақстан ұлттық құрамасында ұзақ уақыт бойы өнер көрсеткен футболшылардың тізімі:

1. Дэвид Лория - 17 жыл 4 ай;

2. Самат Смақов - 16 жыл 6 ай;

3. Александр Мокин - 16 жыл 2 ай;

4. Ренат Абдулин - 14 жыл 5 ай;

5. Андрей Карпович - 13 жыл 10 ай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×