Александр Мокин Қазақстан чемпионатының 2020 жылғы ең үздік қақпашысы атанды

29.12.2020, 20:55
Мокин биыл Премьер-лигада ең көп «құрғақ» матч өткізді.
Александр Мокин Қазақстан чемпионатының 2020 жылғы ең үздік қақпашысы атанды

2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы болып қостанайлық “Тобылдың” голкипері Александр Мокин танылды, деп хабарлайды PFLK.kz

Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері һәм капитандардың дауыс беруінен кейін Александр үздік атанды. 

Дауыс беру қорытындысы бойынша үздіктер төмендегідей:

1. Александр Мокин («Тобыл») – 59 ұпай;

2. Стас Покатилов («Қайрат») – 53 ұпай;

3. Ненад Эрич («Астана») – 36 ұпай;

4. Марко Милошевич («Каспий») – 30 ұпай;

5. Мирослав Лобанцев («Қызыл-Жар») – 20 ұпай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×