Александр Мокин: «Мен пенальтиді қайтарар сәтте біреу маған қайда секіру керектігін айтты деп қалжыңдадым»

31.03.2021, 21:47
Мокин матчтан кейін Азат Нұрғалиев Мбаппенің қайда тебетінін айтты деген еді.
Александр Мокин: «Мен пенальтиді қайтарар сәтте біреу маған қайда секіру керектігін айтты деп қалжыңдадым»

Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Мокин кіммен жейде алмастырғаны және Мбаппенің пенальтиден жасаған соққысын қалай қайтарғаны туралы айтты.

- Сізге француз бұқаралық ақпарат құралдарының назары түсті...

- Мен бұл тақырыпқа терең үңілген жоқпын. Олардың мен туралы көп жазатынын білемін.

- Пенальтиді қайтарғаннан кейін қандай сезімдерді бастан кешірдіңіз? Өзің үшін және елің үшін мақтаныш емес пе?

- Мұны өзім үшін деп айта алмаймын, бұл елім үшін үлкен мақтаныш.

- Матч аяқталғаннан кейін кіммен жейде алмастырдыңыз?

- Франция ұлттық құрамасының капитаны Уго Льориспен. Ол маған өзінің жейдесін, мен оған өзімнің жейдемді бердім.

- Мұндай «трофейлерді» (жейделерді) қайда жинайсыз?

- Қазір бәрі үйде жатыр, әрі қарай көре жатармыз (күлімсіреді).

- Матчтан кейін сізге кім алғаш болып қоңырау соқты?

- Әйелім мен қызым қоңырау шалды.

- Мбаппенің қай бұрышқа тебетінін қалай таптыңыз? Құпияңызбен бөлісесіз бе?

- Мен құпияларды ашпаймын. Біреу маған қайда секіру керектігін айтты деп қалжыңдадым. Мұндай құпияларды айтатын қақпашылар аз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×