«Қайратты» өткен маусымда бірнеше ай жаттықтырып кеткен Александр Кержаков алматылық командадан кетуінің басты себебін айтты.
«Қайратқа келген кезде бірінші ай толықтай базада тұрдым. Командамен, чемпионатпен және қарсыластармен жақынырақ танысу үшін. Ал үш ай өткеннен кейін түк те бітірмегенімді білдім, маған: Қашан жұмыс істейсің?" деген сұрақ қойылған.
Ол кезде қандай жағдай орын алған еді? Жеке өз басыма жағымсыз, жалпы мен үшін бассыздық деп бағаланатын оқиға. Мүмкін, мойынсұна салу керек болған шығар? Жоқ, ешқашан! Мұндайға көз жұма салатын бапкерлердің барын білемін, бірақ мен емес. Жаттықтырушының футболшылар алдындағы абыройының қаншалықты маңызды екенін білемін, ал осы жағдайдан кейін менің ешқандай беделім болмас еді", - деді ресейлік маман.
Айта кетейік, биылғы чемпиондық маусымда алматылықтарды үш бапкер тізгіндеген еді - Кирилл Кекер, Александр Кержаков және Рафаэль Уразбахтин.
Біздің серіктес: FONBET