Александр Хацкеевич: «Астана» қажетті нәтижеге қол жеткізіп, жақсы ойнады.

21.09.2018, 19:41
Александр Хацкеевич: «Астана» қажетті нәтижеге қол жеткізіп, жақсы ойнады.
«Динамо» (Киев) –  «Астана» (2:2) арасындағы ойын аяқталғаннан кейін Александр Хацкеевич, «Динамо» (Киев) командасының бас бапкері журналистердің сауалына жауап берді: – Барлығы керемет басталды, есепт аштық, тағы да мүмкіндіктеріміз болған. Сосын ойынның 15-20 минуттарында қателікттер көбейді. Ойынның алдында барлығын ескерткенмін. Мысалы, қарсылас команданы ертерек күтіп алып, прессинг жасауды тапсырғанмын. Оған қоса, Гармаш артқа қисық пас беріп, өрескел қателік жіберді. Одан бөлек, стандарт кезінде соңына дейін ойнамай, қақпамызға гол кірді. Екінші таймды да тәуір бастадық. Командада агрессия болды, бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Қаптал арқылы диагнол пастармен ойнады. Прессингте те жасалды. Бірақ біздің ойыншыларға шабуылды түйіндейтін кезде шеберлік жетіспей жатты. Ал ойын соңында қарсылас бұрыштама добынан кейін таразы басын теңестірді. Бұл енді ойыншының жеке қателігі. – Матчтың алдында егер команда тағы да сәтсіз ойнаса, сіздің қызметтен кетуіңіз мүмкін екені айтылды. Енді осы тең ойыннан кейін орныңызды босатуға дайынсыз ба? – Біз бұл тақырыптағы әңгімені жауып тастағанымызға көп болған. Қайдан оқығаныңызды білмеймін. Президенттің не айтқанын естіген боларсыз. – «Динамо» 2 гол ды қорғаныстағы өрескел қателіктен кейін жіберді. «Динамоның» қорғаушыларына не болған? – Концентрация жетіспеді. Біріншісінде шабуыл аяқталғандай көрінген, алайда қарсыластың ойыншысы қайтадан допты алып көтеріп берді... Бұл қорғаушының жеке қателігі. Бірақ кім қателескенін айтпаймын. Біз осы мәселені ұжым ішінде шешеміз. – «Астана» бірінші таймның соңында жіберді, «Динамо» екінші таймның соңында қарсыласқа есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Ойыншылардың концентрация жоғалтып алуына не себеп? – Жекелеген қателіктер. «Астанада» қақпашы қателесті, ал бізде қорғаушы. Концентрация жоғалтып алуына футболшылардың шаршағаны себеп деп ойлаймын. – «Динамо» осымен алтыншы ойын қатарынан жеңісті дегеннің не екенін білмей келеді. Мүмкін психолог шақыру керек шығар? – «Динамо» үшін тең ойынның өзі жеңіліске пара-пар. Алайда футболшылардың ойынға деген құлшыныстарына ешқандай кінә арта алмаймын. Мен олардың деңгейі мен шеберліктері жайлы айтып отырмын. Әрине, мұндай ойынмен нәтиже келмейді. Бірақ оларда психологиялық тұрғыда ешқандай проблема жоқ. – Бұл «Динамоның» деңгейінің шыңы ма? Әлде өсуі мүмкін бе? – Көп жұмыс істеу керек және шыдам қажет. Тек еңбекпен ғана командада прогресс болады және соған сай нәтиже де келеді. Алдыға жылжып, шыдамдылық танытуымыз қажет. Қазіргі кезде футболшыларымызды қолдауға тиіспіз. – Енді топтан шығу мүмкіндігін қалай бағалайсыз? – Турнир енді басталды, алда әлі бес ойын бар. Мақсат сол бұрынғыдай, топтан шығу. Ал мүмкіндігімізді бағалауды әзірге қоя тұрайын. – «Астана» футболшыларының ойнына қандай баға бересіз? – Олар қажетті нәтижеге қол жеткізіп, жақсы ойнады. – Бес деген бағаға лайық па? – Егер олар жеңіске жетуді ойлап кетсе, онда 4+ деп айтар едім.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×