Белоруссиялық жартылай қорғаушы Александр Глеб “Барселона” сапында жүрген кездерін есіне алды.
![](https://s11.stc.all.kpcdn.net/share/i/12/3430749/inx960x640.jpg)
“Мен Барселона сапына ауысқанымда, Терри Анримен бір қонақ үйде тұрдым. Ол маған: Үй тапқанша менің қасымда бірге тұр деп достық ниетін білдірді. Және солай қонақ үйде бір ай бойы тұрдым”
Шынымды айтсам , “Барселона” сапына ауысқым келген жоқ. Ешқашан мұндай шешімге бел байламадым. Менің “Баварияға” ауысып немесе “Арсеналда” қалғаным дұрыс еді...Ал мен , агентім мен Гвардиоланың өтінішін жерге тастағым келмеді.
Ал, Анри екеумізге келер болсақ: “Біз “Арсенал” сапында да қатты араласпадық. Тіпті , мен оның телефон нөмірінде білмейтін едім. Бірақ ,Барселонаға келіп, достығымыз жараса түсті”
Негізгі тақырыпқа ойыссам Роналдиньо мен Декудың ішімдікке сылқия тойып, жаттығуға келуі үлкен әбестік еді. Енді сіздер бұл екі футболшыны 2008-жылы неліктен сатып жібергенін түсіндіңіздер. Себебі, бұл қисынсыз әрекеттерін Месси қайталап жүрер деп қос ойыншыны да сатып жіберді,-деді Глеб
Дайындаған: Әлішер Хабидолла