Аксель Витсель жарты жылға қатардан шығып қалды

12.01.2021, 06:10
Еуроға қатыспай қалайын деп тұр.
Аксель Витсель жарты жылға қатардан шығып қалды

Дортмундтық “Боруссия” мен Бельгия құрамасының 31 жасар ойыншысы Аксель Витсель жарақатына ота жасатты. Енді жарты жыл көлемінде жасыл алаңға шыға алмайды.

Бундеслиганың 15-тур аясындағы “Лейпцигке” қарсы ойынның 29 минутында ахил сіңірін үзіп, ойынды мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болған еді. Сонымен қатар ЕУРО-2020 додасынан тыс қалуы әбден мүмкін.

Витсель отадан кейін: “Қолдаударыңызға рақмет! Бүгін ота сәтті аяқталды. Енді қайта қалпыма келу үшін қарқынды жұмыс істеймін. Отбасым мен достарымның арқасында бұрынғыдан да мықты болып ораламын”, – деп мәлімдеме жасады.

Аксель ағымдағы маусымда барлық турнирлерде 22 ойынға қатысып, бәр мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×