«Ахматтың» бас бапкері «Ақтөбемен» жолдастық ойын туралы: қарсылас тіпті өзінің жарты алаңынан шыға алмай қалды

18.02.2025, 12:50

Грозныйлық «Ахмат» пен «Ақтөбенің» арасында өткен жолдастық кездесуден кейін (0:1) Сергей Ташуев өз командасына ненің жетіспегенін айтты.

«Ахматтың» бас бапкері «Ақтөбемен» жолдастық ойын туралы: қарсылас тіпті өзінің жарты алаңынан шыға алмай қалды
"Ахмат" - "Ақтөбе" кездесуі

Ресейлік маман сондай-ақ, матчта «Ахматтың» біраз басым болған тұстарына да тілге тиек еткен. Айта кетейік, «Ахмат» сапында бұл ойында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов өнер көрсеткен еді. Матчтағы жалғыз голды Әлішер Кенжеғұлов салған болатын.  

«Қалыпты тартысты матч. Біз аралас құраммен ойнадық. Қатарға енді қосылып жатқан Мауро Луна Диале мен тоғыз ай бойы жарақатынан емделген Евгений Харин өнер көрсетті. Ала-құла ойнадық, алайда үзілістен кейін 30 минутқа жағдайды түзеп алған болатынбыз. Сол кезде қарсылас тіпті өзінің жарты алаңынан шыға алмай қалды. Десе де, позициялық шабуылдардағы жекелеген ойыншылардың қимылында бір нақтылық жетіскен жоқ. Допқа көп иелік еткенмізбен, соққы жасауда осалдық таныттық», - деді грозныйлық клубтың бас бапкері.

РПЛ-дің 18 турынан кейін «Ахмат» он бесінші сатыға жайғасқан. Грозныйлық команда қоржынында 13 ұпай. Ал «Ақтөбе» ҚПЛ-дің өткен маусымын үшінші орынмен аяқтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×