ӘЙЕЛДЕР ФУТБОЛЫН ТАМАШАЛАЙТЫН БОЛАШАҚ БАЛАЛАР БАПКЕРІ

22.01.2011, 03:08
ӘЙЕЛДЕР ФУТБОЛЫН ТАМАШАЛАЙТЫН БОЛАШАҚ БАЛАЛАР БАПКЕРІ

Оның арқасындағы нөмір сегіз болса да, ол қашан да жеңіс пен жетістік бар жерде бірінші жүреді. Оның есімі–қайрат пен күштің синонимі. Жанкүйерлер оны еркелетіп Сэм деп те атап жатады, алайда ол бәрінің жүрегінде Қазақстан футболының қайталанбас тұлғасы – Самат Смақов.

-         Самат, алғашқы былғары добыңыз бен алғаш соққан голыңыз есіңізде болар... -         Иә, ең алғаш футбол добымды бес-алты жасымда қолыма алған болатынмын. Бір қызығы менің балалық шағымда басқа балалардың сүйіп ойнайтын машина, автомат деген ойыншықтар мүлдем болмаған, тек доптар ғана. Ал, алғашқы голым болса әлі көз алдымда. Бұл 1997 жылдың шілде айы болатын. Сол күні мен қазірде өзімнің жақын досым болып келетін Давид Лорияның қақпасына соғыппын, Шортандының «Автомоблисімен» ойнаған болатынбыз. -         Ер адамның көз жасын көру өте сирек құбылыс, бірақ жасыл алаңдағы жеңіліс не сәтсіздіктің дәмі өте ащы екендігі белгілі...

-         Менің санам тек жеңісті ғана қабылдайды, мінезім сондай. Бірақ балалықпен кез-келген былғары доп турнирлерінде әр сітсіздік үшін жылай беретінмін, ал кәсіби деңгейге көтергілгелі... Алғаш рет 1998 жылы көзіме жас алдым. Семейдің «Елім-ай» командасына ойнап жүрген кезім болатын, өз алаңымызда Қызылорданың «Қайсарына» ұтылуға мәжбүр болдық.

-         Біртұтас мемлекеттің үздік аяқдопшысы атағын алып жүру қаншалықты қиын?

-         Бұл өзі үлкен жауапкершілік. Тек өзімнің алдында емес, маған иек артып отырған командамның, қашан да үміттерін үзбейтін жанкүйерлерімнің, оған қоса өз отбасымның алдында да зор жауапкершілік.

-         Смақов үшін футбол жай ғана қызығушылықтан өмірлік кәсіпке қай кезде айналды?

-         Мен өзімнің спорттағы сара жолымды өмір бойы салып келе жатырмын. Алты жасымда алғаш рет футбол үйірмесіне жазылғаннан-ақ осы спорт түрі үшін барымды салып, бар саналы ғұмырымды арнайтындығымды түсіндім.

-         Сіз үшін «дос» деген ұғым бар ма? -         Жасыл алаңда мен үшін дос жоқ! -         Егер аяқдопшы болмағаныңызда, сізді қай салада көре алатын едік?

-         Бұл мен үшін өте күрделі сұрақ. Жоғарыда кішкетайымнан осы спорт түріне қаншалықты ынталы болғандығымды айтқан болатынмын. Алайда, футболдан басқа да қызығушылығым бар, ол – баскетбол. Мектеп қабырғасында жүрген кезде футболмен қатар баскетбол секциясына да баратынмын.

-         Демек, қалай да спортшы болар едіңіз ғой? -         Иә, дәл солай. -         Маңызды жеңістен кейін рахаттану, эйфория сезімі қаншалықты ұзаққа созылады?

-         Мүлдем созылмайды деп айтсам да қателеспеспін. Өйткені, біздің мамандық еркіндікті көтермейді.

-         Сіздің бойтұмарыңыз бар ма және қаншалықты ырымшылсыз?

-         Ырымшыл екендігім рас, бірақ соған сенетіндей бойтұмарым жоқ. Міне, 7-8 жылдай болды алаңға шығар алдында бір жаттығуды ғана істеймін. Жалпы, кез-келген спортшы өте ырымшыл келеді.

-         Самат Смақовтың бір күнін суреттеп бере аласыз ба?

-         Білесіз бе баяғыда «День сурка» деген кинофильм болатын. Біздің күнделікті өміріміз сол фильмнің сценарийындай. Яғни, әр күн бір-біріне ұқсайды. Таңертеңгілік уақыт медкабинетте өтеді: салмақ өлшеу, қысым тексеру. Әрі қарай түскі ас, аз ғана үзіліс, кейде ғаламторға кіруге мүмкіндік туып жатады. Одан соң жаттығу жұмыстары, кешкі ас. Кешкі уақытымызда бильярд ойыны басында немесе кинотетарда өткіземіз, бірақ соңғы жоспар тек отбасым қасымда болмаған жағдайда ғана.

-         Ал, тамақтану жағы қалай? Белгілі бір диета ұстанасыз ба? -         Негізі басқа әріптестерімде тамақтану тәртібі бар. Ал менде артық салмақпен ешқандай проблема туындамайтындықтан қалағанымды жей беремін. -         Ғаламторда өзіңіздің жеке блогыңыз бар. Жиі тексеріп тұрасыз ба?

-         Шынымды айтсам, ол блогқа кірмегелі жарты жылдың шамасында болды. Оның да себебі бар. Әңгімелесуге сондай жақсы, жағымды адамдар болады. Ал, кейбір адамдар бар «үйлерінде батыр» боп отыратын. Ауыздарына келгенді айтып, сондай лас, әдепсіз нәрселер жазады. Менімен жеке таныс жанкүйерлерім менің ұялы телефонымның нөмірін біледі. Сондықтан да кез-келген уақытта маған хабарласып, қал-жағдайымды біліп тұрады.

-         Футболдағы әйел адамдарға қалай қарайсыз?

-          Футболшы қыздарға еш қарсылығым жоқ. Қазіргі кезде бұл сала да жақсы даму үстінде, егер адам ойнай алатын болса, жақсы нәтиже көрсетсе, неге ойнамасқа?! Уақытым болған кезде әйелдер құрамаларының қатысуымен футбол матчтарын тамашалап тұрамын және оған көзқарасым оңды.

-         Жастар құрамасының сапында өнер көрсетіп жүрген жігіттер жайында не айта аласыз?

-         «Бес саусақ бірдей емес!» Олардың арасында жаттығуға да барын салып, өз денсаулығына, күн тәртібіне және дәл солай ойындарға да үлкен жауапкершілікпен қарайтын інілеріміз бар. Бірақ бір қынжылтатыны өз кәсібіне салғырт қарайтындар да жетерлік, бірақ футболда ұсақ-түйек нәрсе болмайды.

-         Аула футболы қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?

-         Аулада футбол ойнау доппен жұмыс істеудің алғышарттарын қалыптастырады. Кез-келген болашақ футболшының техникасы дәл осы аулада ұшталады. Аулада ойнағанда ешқандай жауапкершілікті сезінбегендіктен жеңіліске ұшыраймын, есеп жағынан ұтыламын деп мүлдем уайымдамайсың. Өз шеберлігіңді шыңдауға барыңды саласың.

-         Жас аяқдопшының бойында қандай қасиеттер болуы керек? -         Ең бастысы ол өз принциптеріне, ұстанған нәрселеріне адал болуы қажет. Өзін-өзі алдамауы керек ең дұрысы. -         Бапкерлікке қалай қарайсыз?

-         Футбол – менің өмірім, сондықтан ойыншы ретінде карьерам аяқталған соң да, мен осы салада қала бергім келеді. Әзірге Самат Смақовтан қандай бапкер шығарын мен білмеймін, дегенмен балалармен жұмыс істеуге ынта зор.

-         Сізді салауатты өмір салтының белсенді насихаттаушысы ретінде айта аламыз ба?

-         Егер де менің мүлдем темекі тартпайтындығымды ескеретін болсақ, әбден болады. Бірақ сыра ішуге қарсы емеспін, оның өзі тек демалыс кезінде ғана.

-         Демалыс демекші, маусым аяқталды, демалысқа қандай жоспарларыңыз бар?

-         Отбасыммен және командаммен шетелге шығып демалатын ойымыз бар. Біз командадағы жігіттермен тіпті демалыс кезінде де бір-бірімізден айырылмаймыз. Отбасы мүшелерімізге қарағанда, команда мүшелерімен жиі кездесеміз. Жылдың 12 айының 8-ін бірге өткіземіз.

Әсел ҚОСЖАНОВА

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.376
Ничья
5.45
П2
8.65
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.007
Ничья
3.995
П2
3.605
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.967
Ничья
3.82
П2
3.91
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.529
Ничья
4.74
П2
6.21
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.26
Ничья
3.605
П2
2.263
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.427
Ничья
3.81
П2
2.845
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.075
Ничья
3.79
П2
1.936
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.077
Ничья
15
П2
32
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
×