Нигерия құрамасының шабуылшысы Ахмед Муса алматылық "Қайратпен" келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Муса - Нигерия құрамасының тарихындағы ең жас капитан (22 жас 362 күн). Нигерия құрамасындағы өткізген матчтар саны бойынша үшінші орында тұр. Ахмед - Ресей чемпионатының тарихында ең көп гол соққан екінші африкалық футболшы. (135 матчта 48 гол).
28 жастағы шабуылшы JUTH (Джос), "Кано Пилларс" (екеуі де - Нигерия), "Венло" (Голландия), ЦСКА (Ресей), "Лестер" (Англия) командаларында ойнады. 2012 және 2013 жылдары Ахмед Муса мен Вагнер Лав мәскеулік ЦСКА сапында бірге ойнады.
Біздің серіктес: FONBET