
Африка футбол конфедерациясы 2019 жылғы "Африканың үздік ойыншысы" жүлдесінен үмітті 10 футболшының есімін жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан ай бұрын бұл тізімде 30 футболшы болған. Енді олардың қатары 3 есе қысқарды.
Үміткерлер тізімі: Андре Онана, Хаким Зиеш (екеуі де - «Аякс»), Исмаэль Беннасер («Милан»), Калиду Кулибали («Наполи»), Мұхаммед Салах («Ливерпуль»), Одион Игало («Шанхай Шеньхуа»), Пьер-Эмерик Обамеянг («Арсенал»), Рияд Марез («Манчестер Сити»), Садио Мане («Ливерпуль»), Юссеф Белайли («Аль-Ахли Джидда»).
Марапаттау рəсімі 2020 жылы 7 қаңтар күні Египетте өтеді.
Соңғы екі жыл бойы бұл атақ Мұхаммед Салахтың еншісінде кеткен еді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET