Адриен Рабьо - жазда "ПСЖ"-дан "Ювентуске" ауысады

19.06.2019, 19:23
Адриен Рабьо - жазда "ПСЖ"-дан "Ювентуске" ауысады
"El Chiringuito" порталының мәліметінше, "ПСЖ" жартылай қорғаушысы Адриен Рабьо "Ювентуспен" жеке келісім-шартқа келіп қойған. Енді шілдеде "ПСЖ"-мен арадағы келісімі аяқтала салысымен Туринге жол тартпақ. Ақпарат көзі Адриен 5 жылдық келісім шартқа қол қойғанын, жылына 7 млн. еуро жалақы алатынын айта кетіпті.  Оған қоса жаңа келісім-шарт  үшін тағы 10 млн. есепшотына түседі делінген. Өткен маусымда Рабьо Франция чемпионатында 14 матчқа қатысып, 2 гол салған. Естеріңізге сала кетейік, франциялық ойыншыны сәл ертеректе "МЮ" сатып алуға тырысқан еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×