Адиев «Ақтөбені» жаттықтыруы мүмкін

Бүгін, 14:52

Кешелі бері Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкерін ҚПЛ-ге қайтады деген ақпараттар тарауда.

Адиев «Ақтөбені» жаттықтыруы мүмкін
Магомед Адиев

Магомед Мұсаұлына клубты да дайындап қойыпты - «Ақтөбе». Бірақ, қола жүлдегердің келісімшартты бапкері тұрғанда, онымен орта жолда қош айтысып, шығынданудың қаншалықты қажеттілігі бар деген ой келеді. Жуырда келісімшартын создырған Игорь Леоновтың іс насырға шапқан жағдайда тыныш кетпей, өтемақы талап ететіні анық. Бірақ "ЖаркOFF" телеграмм-арнасының мәліметіне сенсек, ақтөбеліктерге бұл да кедергі көрінбейді. Клуб басшылығы алдына қойған мақсатына сай ресейлік маман Адиевке тізгінді сеніп тапсырмақ ниеті бар деседі. 

Бір жағынан Магомед Мұсаұлының өзіне де бұл нұсқа ұнайтын сияқты. Қазақстанды, оның ішкі жағдайын жақсы біледі. «Шахтерді» жаттықтырып көрді, чемпионаттың қыр-сырымен жақсы таныс деген сөз. Біздегі футболшылардың жай-күйімен де жете таныс деуге болады - құраманы баптаған кезде бәрін алақанындағыдай көріп-біліп алған. Енді өздері қиылып тұрса, несіне бас тартсын? Оның үстіне жұмыссыз жүргеніне де біраз болып қалды емес пе - «Ахматтан» кеткелі еш жерде жоқ. Сондықтан, Магомед Мұсаұлы бір күні жарқ етіп шыға келіп жатса таң қалудың қажеті жоқ деміз. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×