
"Қайраттың" украиналық шабуылшысы
Адеринсола Эсеола клуб тарихындағы үздік сұрмергендер қатарына қосылды.
Дәлірек айтсақ, 28 жастағы ойыншы бұл тізімде 7-орында келе жатыр.
Адеринсола Эсеола "Қайрат" жейдесіндегі тұсаукесер матчын 2018 жылы 6 шілдеде "Ертіске" қарсы өткізген. Алғашқы голын да дәл сол ойында Никита Калмыков қақпасына соққан. Жалпы Эсеола Алматы клубы сапында 43 ойын өткізіп, 28 голдың авторы атанған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET