Алматылық «Қайрат» украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеоланы Бірінші лигада бақ сынайтын «Қайрат-Жастар» клубына жіберді.
«Тень отца Гурмана» телеграм-арнасының мәліметіне сүйенсек, шабуылшы «Қайраттың» бапкерлер штабы мен басшылықтың ортақ шешімі бойынша жастар клубына жіберілді. Бапкердің мұндай шешіміне футболшының сүреңсіз ойыны себеп болған. Эсеола маусым айында 30-ға толады, бірақ жастармен бірге доп тебуге мәжбүр.
Эсеола Қазақстан Премьер-лигасының ағымдағы маусымында тоғыз матчқа қатысып, екі гол соқты. Шабуылшының «Қайратпен» келісім-шарты 2021 жылдың соңында аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET