"Астананың" капитаны Абзал Бейсебеков Премьер-Лиганың сегізінші туры аясында "Ақжайыққа" (1:0) қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді:
- Кеше біздің нағыз жанкүйеріміз Людмила Анатольевна Куфонина өмірден озды, мен команда атынан бұл жеңісті сол кісіге арнаймын. Матчтың өзіне келетін болсақ, бізге қиын болды, бірақ ең бастысы, біз маңызды үш ұпайға қол жеткіздік. Алға қарай жылжи береміз.
- Алда "Ақтөбе" мен "Таразға" қарсы сырт алаңда өтетін матч бар. Осы матчтарда команда алты ұпайға қол жеткізе ала ма?
- Біз матчтан матчқа ауысамыз, ертеңнен бастап "Ақтөбемен" болатын ойынға дайындықты бастаймыз. Тапсырмаларға келетін болсақ, біз әр матчқа тек жеңіске жету мақсатымен шығамыз.
Біздің серіктес: FONBET