Абидаль "Барселона" атынан Погбамен келіссөздер жүргізуде

02.08.2018, 01:47
Абидаль "Барселона" атынан Погбамен келіссөздер жүргізуде
"Манчестер Юнайтед" пен Франция құрамасының ойыншысы "Барселонаның" өкілдерімен келіссөздер жүргізуді бастады. Tuttosport-қа сілтеме бере отырып "Спорт-Экспресстің" хабарлауынша, бірнеше күн бұрын АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында француздық ойыншымен оның отандасы әрі "Барселонаның" техникалық директоры Эрик Абидаль кездескен. Спорт порталының ақпаратына сай, каталондық клуб Абидальді  француз ойыншыларымен келіссөздер үшін арнайы қызметте ұстап отырған көрінеді. Погба осыған дейін ағылшындық клубтан кетуге ниетті екенін білдірген екен. Алайда, француздық ойыншының клубтан кетуіне "МЮ-пен" ұзақ мерзімді келісім-шарты кедергі болып отырған сыңайлы.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×