Абдукадир Хусановтың «Манчестер Ситидегі» табысы белгілі болды

03.03.2025, 10:51

А.Хусановтың «Манчестер Сити» клубындағы жылдық табысы 47,256 миллиард сум (1 757 225 546, 94 теңге).

Абдукадир Хусановтың «Манчестер Ситидегі» табысы белгілі болды
Абдукадир Хусанов "Манчестер Сити" жейдесінде

Бұл айына 3,9 миллиард сум болса (145 022 423,25 теңге) аптасына 908 миллион сум (33 764 194,95 теңге). Өзбекстандық футболшының күндік табысы 131 миллион сум (4 871 266,01 теңге).   

Уақытқа шаққанда:
 Сағатына табысы – 5,4 миллион сум (200 800,28 теңге).
 Минутына – 91 157 сум (3 389,69 теңге).
 Секундына – 1 519 сум (56,48 теңге).

21-жастағы қорғаушы «Манчестер Сити» клубына француздың «Лансынан» қаңтар айында ауысқан болатын. Оның келісімшарты 2029-дың 30 маусымына дейін жарамды. Келісімшарт құны 40 миллион еуроны құраған. Хусанов әзірше АПЛ-де төрт ойынға қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×