Әбдіхалық Бөрібаев: «Түркістандағы стадион жанкүйерге толы болады деп ойлаймын»

28.01.2021, 02:54
Түркістандық команда ақпан айының басында Түркияға аттанады.
Әбдіхалық Бөрібаев: «Түркістандағы стадион жанкүйерге толы болады деп ойлаймын»

"Арыс" футбол клубының бас бапкері Әбдіхалық Бөрібаевтың команданың алдағы маусымға арналған жоспарлары жайлы, құрамды жасақтау және маусымға дайындық туралы әңгімеледі.

- Әбдіхалық Құрбанбайұлы алдағы маусымға дайындық қалай өтуде?

- Әзірге команданы жасақтау үстіндеміз және жаңадан келген футболшыларды бақылап жатырмыз.

- "Арыс" футбол клубының осы маусымда Премьер-лигада ойнауы немесе ойнамауы қашан шешіледі?

- Бұл мәселе қазіргі таңда шешіліп қойған, сондықтан да біз жиналып, маусымға дайындалып жатырмыз, және де барлық спорттық басылымдарда "Арыстың" Премьер-лигада ойнайтыны ресми түрде жарияланып қойды.

- Жалпы сіз Премьер-лига командасын жаттықтыруға дайынсыз ба?

- Мен қазір Премьер-лига командасын жаттықтырып жүрмін, дайынмын ба әлде жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Негізі нәтижеге қарап қорытынды шешім шығаруға болады. Маған басшылық сенім артқан соң сенімдерін ақтауға тырысамын.

- Қазір сіздің бапкерлік лицензияңыз қандай?

- Менде қазіргі таңда А категориясы бар, бірақ мен PRO категориясына тапсырып, оқу үстіндемін, дүйсенбіден бастап оқудың екінші модулі басталмақ, жалпы оқу екі жылға жоспарланған.

- Мұндай жоғарғы деңгейдегі турнирге қандай бапкерлік құрам жасақтар едіңіз?

- Біз бапкерлік құрамды жасақтап қойдық десек де болады және сол құраммен жұмыс жасап жатырмыз.

- Ол құрамға кімдер кіреді?

- Бас бапкердің көмекшісі ретінде Ирисметов Фархат Равшанұлын шақырттық, қақпашылармен Новиков Юрий Алексейұлы жұмыс жасауда, ал фитнес жаттықтырушы болып өзіммен бірге екі жыл жұмыс жасаған Есжанов Қулдош Артықбайұлы қызмет атқаруда.

- Естуімізше, Түркістанда дайындалып жатыр екенсіздер, команда тұрақты түрде облыс орталығына ауысты десек бола ма?

- Жоқ біз әлі Түркістанға бармадық, біз қазір Шымкентте "БИІК" спорт кешенінде дайындалып жатырмыз.

- Жаңа маусымда клубтың атауы қандай болмақ?

- Клубтың атауы "Тұран" болатын секілді. Маған басшылық осылай айтты.

- Командада былтырғы құрамнан кімдер жаттығуда?

- Қасым Таипов, Роман Павинич, Абай Жүнісов, Шынболат Мақсымхан, Бекжан Әліпбеков, Асылжан Аббас, Бақдаулет Ақберген, Елсүйер Алпысбай, Дархан Қалиұлы, Гафуржан Назаров және Даурен Тоқмағамбетов. Әзірге ескі құрамнан осы жігіттер бізбен бірге жаттығуда.

- Командаға жаңа ойыншылар келе ме?

- Қазір бізбен қақпашы Андрей Пасеченко, Таңат Нөсербаев пен Жасұлан Молдақараев сынды тәжірбиелі ойыншылар жаттығуда, бірақ аталған ойыншылармен келісімшартқа отырған жоқпыз.

- Премьер-лигада лайықты өнер көрсету үшін команда құрамы неше пайызға өзгеру керек?

- Былтырғы құраммен салыстырғанда команда құрамы 80 пайызға өзгеру керек деп ойлаймын.

- Алдағы маусымға дайындық барысында қандай жоспарлар бар?

- Қазір біз Шымкентте дайындалудамыз, бұл жерде біз екінші ақпанға дейін боламыз. Ал келесі оқу-жаттығу жиынын 6-шы ақпан мен 5-ші наурыз аралығында Түркияда өткізуді жоспарлап отырмыз.

- Жолдастық кездесулер өткізетін қарсыластардың есімдері белгілі ме?

- Әзірге қандай клубтармен жолдастық кездесу өткізетініміз белгісіз, бірақ біз 5 кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз.

- Клубқа 2021 жылғы маусым үшін қанша қаржы бөлінді?

- 800 млн болуы керек.

- Команда құрамын қандай шетелдік ойыншылармен күшейтпексіздер?

- Әзірге нақты мәлімет жоқ алайда ұсыныстар өте көп, бірақ біз ол ойыншыларды Түркиядағы ОЖЖ-да көретін боламыз. Себебі біз бірден келісімшартқа отыра алмаймыз. Ал әзірге біз жергілікті қазақстандық ойыншылармен команда құрамын жасақтаудамыз.

- Қалай ойлайсыз, жаңа команданың Түркістандағы жаңа стадиондағы ойындарына көп жанкүйерлер жинала ма?

- Бәрі де жағдайға байланысты. Егер де елімізде эпидемиялогиялық ахуал дұрысталса, Түркістандағы стадион жанкүйерге толы болады деп ойлаймын және де стадионның жанкүйерлерге толуы команданың көрсеткен ойыны мен нәтижелеріне байланысты болады.

- Премьер-лигадағы клубтың алғы қойған мақсаты қандай болмақ?

- Алғашқы маусым үшін командаға Премьер-лигада қалу мақсаты қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×