Абат Айымбетов негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалды

15.02.2025, 09:42

Кеше отандасымыз Түркия Суперлигасының 24-турының аясындағы «Адана Демирспор» - «Антальяспор» кездесуін қосалқы құрамнан бастады (1:1).

Абат Айымбетов негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалды
Абат Айымбетов "Адана Демирспор" сапында

Қазақстан құрамасының шабуылшысы аталған матчқа 62-минутта шықты, ол кезде есеп 1:1 болатын. Абат Айымбетов ойынның қалған уақытында ешқандай пайдалы іс-әрекетімен көзге түсе алған жоқ. 

Бұл қазақстандық футболшының осы маусымдағы аданалық команда жейдесіндегі 17-бәсекесі. Айымбетов осыншама матчта 4 рет мергендік танытты. 

«Адана Демирспор» 3 ұпаймен ең соңғы 19-орында келеді. Айымбетовтің командасынан өткен турда орын алған инцидентке байланысты 3 ұпай шегерілды әрі «Галатасараймен» матчта алаңнан кетіп қалғаны үшін техникалық жеңіліс тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×