Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов намысын қорғайтын «Адана Демирспорды» «Манчестер Ситиде» жұмыс істеген бапкер жаттықтыратын болды.
Мұстафа Алпер Авчи осыған дейін біраз уақыт манчестерлік клубтың жастар командасын баптап келген. Енді 43-жастағы жаттықтырушыға жаңа миссия жүктеліп отыр – түркиялық клубты құтқарып, соңғы орыннан көтеруі тиіс. Аданалық ұжым Түркия Суперлигасында соңғы орында келеді. Жаңа бапкермен келісімшарт бір жарым жылға жасалып отыр.
Абат Айымбетов Түркия біріншілігінде 15 ойында алаңнан көрініп, 3 рет мергендік танытты. Естеріңізге салсақ, отандасымыз аданалық командаға былтыр ақпанда ауысқан.
Біздің серіктес: FONBET